Қарағандыда шолу шеңбері тоқтап қалды: Адамдар құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының орталық саябағында шолу шеңбері сөніп қалды. Аттракцион тоқтағанда ішінде адамдар болды және саябақ қызметкерлері қолмен айналдырып, адамдарды түсіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін күндіз болды. Адам толы шолу шеңбері кенеттен тоқтап қалған.

Кейінірек белгілі болғандай, шеңбер электр қуатының үзілуінен тоқтаған. «Қарағанды Жарық» ЖШС электр беру желісінің бірінде апат болған.

«Қарағанды Жарық» ЖШС тарапынан жарықтың сөнуінен шолу шеңбері де тоқтап қалды, бірақ қызметкерлер бұл аттракционды қолмен айналдырып, барлық келушіні сыртқа шығарды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Қарағанды саябақ басшылығы.

Осы уақытта саябақтың басқа да аттракциондары тоқтаған. Зардап шеккендер еш жерде тіркелмеді. Электр беру желісіндегі апатқа байланысты Ермеков, Анжерская, Липецкая, Академиялық, Крамский, Чкалов, Бадин, Аманжолов, Гоголь, Ботаникалық көшелері жарықсыз қалған.