Қарағандыда шырша шамдарын жағу рәсімі Аяз аталар мен Қарша қыздардың шеруімен ашылды
09:17, 02 Желтоқсан 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қаланың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі Аяз аталар мен Қарша қыздардың шеруімен ашылды.
25 Аяз ата мен 25 Қарша қыз қала орталығындағы алаңда орнатылған жасыл шыршаны айналып ән айтты. Бас Аяз ата қарағандылықтарды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, шырша шамдарын жақты.
Қарағандыда биіктігі 15 метрге жеткен бас шыршаны орнатуға жергілікті питомникте өсірілген 300-ден астам қарағай ағаштары жұмсалды.