Күн батареялары бар орындықтар 16 мамыр күні ауа температурасы қажетті деңгейге дейін қызған кезде Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңға қайтадан орнатылды.
Саябақтар мен гүлзарларды басқару қызметкерлері күн панельдерінің астында жиналған ылғалды кептіріп, электрониканы жөнге келтірді.
Құрылғы Wi-Fi таратады және сымсыз қуаттау функциясы бар. Бірақ USB қосқыштары алты орындықтың бірінде ғана сақталған. Қалғандарындағыларды бұзақылар сындырып тастаған.
Қазір орындықтар күннен қуат алады. Ол үшін бірнеше күн қажет.