Бұл туралы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Смайылова хабарлады.
Сейсенбі күні А.Біләловтың ісіне қатысты сот процесі адвокаттың ауруды желеу етіп, үшінші рет келмей қалуына байланысты тағы да кейінге қалдырылды. «Ауруды растайтын ешқандай құжаттар ұсынылған жоқ. Сот мұның барлығы сот процесін созбалаңға салу үшін жасалып отыр деген пікірді ұстанып отыр", - деді судья А.Смайылова. - Біз сот отырысына С.Алпысовтың келмей қалуын білу мақсатында адвокаттар алқасына хат жолдап, оның себептерін анықтайтын боламыз».
Отырыс 18 сәуірге кейінге қалдырылды.