«Мәйіт табылған жерге жету оңай болмады, құтқарушыларға мұзды жаруға тура келді. Алтыншы сәуір күні кешке мұз жару жұмыстарынан кейін 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бүгін таңертең сағат 10-да 1977 жылғы ағасының денесін тапқан. Су ағыны оларды өзенге құлаған жерден 2-2,5 шақырым қашықтыққа дейін ағызып әкеткен», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Мұталлапов.
Еске сала кетейік, 2 сәуір күні екі ағайынды Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының маңында жайылып жүрген малын іздеп шығып, содан із-түзсіз жоғалып кеткен еді.