Қарағандыда су тазалу ғимаратындағы кенеттен хлор шығуға байланысты орын алған төтенше жағдай жойылды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

None
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Қарағанды су» ЖШС су жеткізуші кәсіпорынның тазаланған ғимаратында кенеттен хлор шығуға байланысты орын алған төтенше жағдай жедел түрде тоқтатылды.

Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты нысандағы 36 жұмысшы құтқарылды.

Белгілі болғандай, төтенше оқиғаға трасса жүйесі мен контейнердің ілмек арматурасының қаптамасы арасында герметикаланудың пайда болуы әсер еткен.