Қарағандыда «Суда адам өліміне жол жоқ» акциясы өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Федоров су қоймасының жағажайында «Суда адам өліміне жол жоқ» атты акция өтті. Шараны Қарағанды қаласы ТЖ басқармасы «ҚО ТЖД Жедел құтқару бөлімі» ММ, Қарағанды облысының ҚР ІІМ ТЖК «Апатты медицина орталығы» ММ, « ҚР Жарты Қызыл Ай Ұйымы» ҚОФ мамандары ұйымдастырды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Аталмыш акция демалушыларға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру, судағы төтенше оқиғаларды төмендету және алдын алу, алғашқы көмек көрсету тәсілдері үйрету үшін ұйымдастырылды.

Акцияға қатысушыларға «Жаз кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары», «Балалардың демалыс уақытында қауіпсіздік қамтамасыз ету ата-аналар жаднамасы» тақырабында арнайы парақшалар таратылды.

Қарағанды қаласының ТЖБ қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Қарағанды қаласы бойынша 17 су нысаны бар, соның ішінде азаматтардың суға шомылуына жарамдылары - Федоров су қоймасыңың сол жақ жағалауы  (Қалалық жағажай, Яхт клубы, «Маяк», Дайвинг орталығы ) мен Орталық демалу саябағындағы су қоймасы.