Қарағандыда тек қана әйелдер мен балаларға арналған емхана ашылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл күзде Қарағандыда әйелдер мен балаларды емдейтін бірегей емхана ашылады. Жаңа нысанда әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, алайда медициналық мекемеге қазірден бастап тіркеле беруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Әйелдер консультациясы мен балалар емханасы бір ғимараттаорналасады. Жобаны алматылық инвесторлар дайындап, іске асырып жатыр. Жаңа медициналық мекеме Пришахтинскідегі Луначарский көшесі, 1мекенжайында орналасады.Ол жерде бір кездері балалар емханасы болған. Ғимаратқа барлық қажетті техникалық сараптамаларжасалды және көктемнен бастап мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа емхана 18 жасқа дейінгі балалар мен репродуктивтіжастағы (18-49 жас аралығындағы) әйелдерді қабылдайды. Инвесторлардың айтуынша, олар осы санаттағынауқастарды балалар мен ересектер өзара араласпау үшін әдейі таңдаған.

«Біздежоғары санатты мамандар жұмыс істейтін болады. Олар - балалар дәрігері,терапевтер, тіс дәрігерлері, лор-дәрігерлер, окулистер, хирургтар,невропатологтар мен гинекологтар жәнебасқалар. Олар қатаң іріктеуден өтті»,-дейді емхана директоры Марина Матвейчук.

Емханада орнатылатын жабдықтар барлық медициналық талаптарғасай. Ол заманауилор-құрылғысы, физиотерапевтикалық комбайн, сарапшы санатындағы УДЗ.

«Бізге осындайұсыныспен инвесторлар өткен жылы шыққан болатын. Біз өз тарапымыздан әйелдер консультациясы мен балалар емханасының ашылуын қолдап, МЖӘ аясындакелісім жасадық. Мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа көрсетілетін барлыққызметтер тегін болады», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтаубасқармасында.



Емхана 3 ауысымбойынша жұмыс істейді: таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін. Бір ауысымда 300 науқасты қабылдайды деп көзделіп отыр. Емхананың ашылуы жаздың соңына жоспарланған, алайда тіркелу қазірденбастап жүргізілуде. Медициналық мекеме ауласында шатыр орнатылған, ондақұжаттар қабылданады. Тіркелу үшін жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігін алыпкелу керек. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап құжаттарды 22-ші шағынаудандағы«Корзина» супермаркетінде де тапсыруға болады.

Соңғы жаңалықтар