деп хабарлады полициядан
«Қарағандыда тепловоз темір жол өткеліне шыққан Audi көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 29 жастағы жүргізушісі және оның 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 30 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деді тәртіп сақшылары.
Бүгінде аталмыш оқиға бойынша тергеуалды тексеру жұмыстары қолға алынып, жол апатының себептері анықталу үстінде.