Қарағандыда төрт жасар қызға өгей әкесі пышақ жарақаттарын салды
Жедел жәрдем қызметі баланы ауруханаға көптеген пышақ жарақаттарымен жеткізген. Абырой болғанда, жарақаттар терең болмаған, ішкі ағзалары зақымданбаған. Медициналық көмектен кейін қыз бала ауруханадан шығарылды. Полицейлер көп ұзамай оның өгей әкесін қамауға алды.
«Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 24-99 бабы бойынша («адам өлтіруге оқталу») жүргізілуде. Ер адам ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
«ҚазАқпарат» тілшісі аталмыш отбасымен таныс адамдармен тілдесе алды.
«Ол әйелін өгей қызынан қызғанатын. Балаға көп көңіл бөліп, оны аялап-мәпелейтіні оған ұнамайтын. Бұған қатысты тіпті, ұрыс-керістер де болған. Қызға пышақ алып жүгіруі қызғаныштан болған деп ойлаймыз», - деді жаняұның таныстары.