Қарағандыда төтенше жағдай кезінде мерт болған екі азамат марапатталады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті кәріз құдығына құлаған адамды құтқарамыз деп көз жұмған екі ер адамды марапаттамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні түндесағат 03:58-де Қарағанды облысы ТЖД пультіне Қарағанды қаласы Буровая көшесіндежергілікті тұрғындардың бірі Александр Работягов құдыққа түсіп кеткені жөніндехабар келіп түскен. Аталған азамат кәріздікағындарды жинауға және соруға арналған сорғы подстанциясында тазалау жұмыстарынжүргізумен айналысып жатқан.

Зардап шеккенді құтқарамыз деп соңынан құдыққаоның ұлы Максим Работягов пен көршісі ХошимджонАбдулоев да түсіп кеткен.

Сағат 04: 53 және 05: 02 ТЖД күшімен үйдің иесімен көршісі көтеріліп, медициналық мекемеге жатқызылды. Дәрігерлер зардапшеккендердің жағдайы ауыр деп бағалаған. Сағат 06:30-да ТЖД және «Қарағанды Су»ЖШС қызметкерлерінің күшімен 1990 жылы туған үшінші ер адамның денесі табылды.

Кейін ауруханаға жатқызылған екі адам да көзжұмды.

Максим Работягов ондаған үйге қызмет көрсететінкәріз жүйесіндегі ақауларды жоюға тырысқан әкесін құтқару үшін құдыққа түскенболатын. 29 жастағы Максим отбасында жалғыз бала болған, бала кезінен өзініңата-анасына шаруашылық бойынша көмектесуге үйренген. Жұмыста оны әріптестеріадал қызметі мен еңбекқорлығы үшін бағалап, құрметтеген.

«Ол өте ізденімпаз болатын, бәріне қызығушылықтанытушы еді. Бізге Интернетте оқығаны туралы: әлемдегі саяси жағдайлар, ғылымижаңалықтар және басқа да көптеген мәселелер туралы айтып отыратын. Әріптестеріоған өте жауапты жұмыстарды сеніп тапсыратын, себебі оны өте адал адам ретіндебілді. Ол ата-анасын жақсы көрді», - деп Максимді туғандары еске алады.

Екінші қаза болған жігіт, Работяговтардың көршісіХошимджон Абдулоев. Ол 30 жаста ғана еді. Қазақстан тәжік қоғамының белсенділерінің бірі болды. Қайғылы оқиғасалдарынан үш бала әкесінен айырылды.

«Түнгі сағат үш жарым шамасында таңғы намаздыөткізу үшін тұрған ағам Хошим ұлы мен күйеуін құтқаруды сұраған көршіге көмеккебарды. Хошим оқиға орнына алғаш болып жетті. Ол құдықтағы екі адамға шұғылкөмек қажет екенін, зардап шеккен адамдардың әлі тірі екенін көріп, көмеккеұмтылды. Өз өміріне төнуі мүмкін қауіп туралы ойламай, көмек көрсетуінжалғастыра берді. Бірақ көршілерімізге көмектесуге тырысамын деп, бауырымыздыңөзі қаза болды», - дейді «Қохи Нор» Тәжікстан қоғамдық бірлестіктері мен мәдениорталықтары одағының басқарма төрағасы Шәкәрім Норматов.

«Қарағанды облысының ТЖ департаменті қазаболғандардың отбасыларына көңіл айтады. Олардың әрқайсысы басқаларды құтқаруүшін өз өмірін құрбан еткен нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Ерлердің ерлікпенұштасатын осындай әрекеттері өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге», - деп мәлімдеді Қарағанды облысыТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД марқұмдарды марапаттау үшін өтініш жібереді.

Соңғы жаңалықтар