Қарағандыда тұңғыш әуесқой кинофестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте «Асқар» әуесқой кино түсірілімдеріне қатысушылардың жұмыстары лайықты бағасын алып марапатталады, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Шараны өткізуге мұрындық болып отырған Сергей Забурдяев пен Владимир Зуевтің айтуына қарағанда, әуесқой кинофестивальдің негізгі мақсаты - кәсіби емес деңгейде кино түсірумен айналысатын шығармашылық топқа қолдау көрсету.

«Көп адамдар түсірілім жұмыстарымен айналыса бермейді. Өйткені олар YouTube-де миллиондаған роликтердің арасында елеусіз қалады деп есептейді. Жалпы фильм түсіру оңай шаруа емес, сондықтан оларға қолдау көрсету аса маңызды», - деді Владимир Зуев.

Айта кетейік, фестивальға қатысуға өтінім қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.