Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне арналған жеңілатлетикалық жүгіру жарысы өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған жеңілатлетикалық  жаппай жүгіру жарысы өтеді.

Бұл туралы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Жүгіру жарысына барлық қалаушылар қатыса алады. Ұйымдастырушылар бұл жарысқа 5000-ға жуық адам қатысады деп болжауда.

Тәуелсіздік алаңынан бастап 1 шақырым қашықтыққа жүгіретін қатысушылар «Шахтер» стадионының маңында мәреге жетеді.