Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне орай «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

Ансамбль репертуарында негізінен көп орындала бермейтін халық әндері мен күйлері, жергілікті композиторлардың әндері бар. Өнер ұжымының құрамындағы музыканттар шекті, үрмелі, соқпа және шертпелі: домбыра, шертер, сыбызғы, саз сырнай, асатаяқ, жетіген және басқа да аспаптарда ойнайды.

Ансамбль - Германия, Түркия, Франция, Кувейт елдерінің көрермендерін таңқалдырып, таңдай қаққызған өнер ұжымы.