ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, 4 қазан күні кешқұрым, Октябрь ауданы, 11-ші шағынауданындағы бес қабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шықты. 6 шаршы метр аумаққа тараған жалынды ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 4 техникасы 40 минутта ауыздықтады.
Отпен күрес барысында құтқарушылар 49 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Ысты газға уланған 23 жастағы екі бойжеткен мен 30-дағы азамат ауруханаға жеткізілді.