Ермеков көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама сағат 21:58-де түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде «Кедр» моншасының ғимаратын жалын шарпығанын байқады. Жалын ғимаратқа іргелес орналасқан үй мен жақын маңдағы 3 көлікті де шарпыған.
«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 13 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Ғимараттан 5 адам құтқарылды. Сағат 22:40-та өрт сөндрілді. Оқиға салдарын жою жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын ғимараттың 300 шаршы метр аумағын қамтыған.