«Ең алдымен қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулар береміз. Қатысушылар көлік жолына шығып кетпеуі тиіс. Биылғы алғашқы ВелоТүн 2 маусым күні өтті, келесі ойындар 30 маусымда болады», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Антон Кнаус.
Бағдар қаланың орталығынан өтеді. Командалар түрлі тапсырмаларды орындайды. Оған жарнасын төлеген, жасы 18-ден асқан кез келген ойыншылар қатыса алады. Қатысу жарнасы велосипеді барлар үшін - 1500 теңге, ал велосипед жалға алушыларға - 2500 теңге.
30 маусым күні 22:00-де «Мәңгілік алау» мемориалында қатысушыларды тіркеуге алу басталады. Командалар 5-7 адамнан құралады. Ойынның мәресі таңғы 5-те жарияланады.