Қарағандыда Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев машина жасау өндірісін дамыту жөнінде кеңес өткізеді

None
РАҒАНДЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Вице-премьері-Индустрия жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сапар бағдарламасында индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатқан бірқатар кәсіпорындарда болу жоспарланған. Ә.Исекешевтің қатысуымен «Kazplast» ЖШС-да үлкен габаритті полиэтилен бұйымдары өндірісі іске қосылмақ», - делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Қарағанды машина жасау консорциумының көрмесімен танысады. Бұдан кейін облыс әкімдігінде Ә.Исекешев 2010-2014 жылдарға арналған ҚР-да машина жасауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізеді. Бұдан басқа «Өнімділік-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізіледі.

Сондай-ақ Ә.Исекешев ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығаратын зауыт құрылысында мән-жайға қанығып, жобаны жүзеге асыру барысымен танысады.