Қарағандыда визасының уақыты өткен кениялық цирк қызметкері қолға түсті
«16 наурыз күні «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасында тәртіп сақшылары құжаттарды тексеру үшін шетелдік азаматты тоқтатады. Қолға түскен 34-жастағы кениялық азамат, цирк әртісі, акробат болып шығады. Қарағандыға гастрольмен Алматыдан келген. Құжаттарын тексеру барысында шетелдік азамат тәртіп сақшыларына уақыты өткен визасын ұсынады.» - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша кениялық азамат елімізге Қазақстан мемлекеттік циркінің шақыруымен өткен жылдың қыркүйегінде келген. Әртісті Қарағанды қаласының мамандандырылған аймақаралық әкімшілік сотына әкелді. Азамат бір күндік әкімшілік қамауға алынды. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР кодексінің «азаматтығы жоқ немесе шетелдік азаматтардың ҚР болу тәртібін бұзушылық » 349-бабымен әкімшілік хаттама жасалды, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, қазақстандық цирк те әкімшілік жауапқа тартылды.
«Әкімшілік соттың қаулысы заңды күшіне енген соң кениялық азаматқа Қарағанды облысы ІІД көші-қон басқармасы ҚР-ынан шығатын виза ашып береді», - дейді ІІД баспасөз қызметі.