Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтуде

None
АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталды.

Бұл сайыс 23 қазанға дейін созылады. Онда Ұлттық лигадағы «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), «Алматы», «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Металлург АМТ» (Теміртау) мен Жоғары лиганың «А» дивизионындағы «Қостанай» және «Б» дивизионындағы «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) арасынан үздік шыққан 3 команда жартылай финалға жолдама алатын болады. Алғашқы ойынын астаналықтар солтүстік қазақстандықтармен, павлодарлықтар теміртаулықтармен, алматылықтар қостанайлықтармен, қарағандылықтар өскемендіктермен өткізуде. Жартылай финалда үздік үштіктің қатарын Талдықорғанның «Жетісуы» толықтыратын болады. Ел чемпионаты мен кубогының иегері саналатын талдықорғандықтарға биыл осындай мүмкіндік беріліп отыр.