2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамыры аралығында құрамында 5 адам болған ҰҚТ Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Сондай-ақ, олар 16 млн. теңгеден астам сомада табыс тапқан. Жедел шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан Лотоматик түріндегі 200-ге жуық ойын жабдықтары тәркіленіп алынды.
Бүгінгі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.