«Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураны жалпы сомасы 189,4 млн. теңгеге жазып шығару бойынша қылмыстық істі жасауға жәрдемдесу әрекетінің жолын кесті» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, жеке кәсіпкерлік субъектісіне көмектескені үшін Қарағанды қаласының тұрғынына 18 млн. теңге ақшалай сыйақыға уәде берілген.
Одан басқа, өзара есеп айырысу және тиісті салық декларацияларын тапсыру кезіндегі бюджетке қосымша есептеліп, төленетін жалпы салық сомасы 54,1 млн теңгені құрады.
Қазыбек би аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаға пробациялық бақылау орната отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.