«Полиция қылмыстық іс қозғады, күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қылмысты ашу үшін облыстық ІІД мен Қарағанды қалалық ІІБ-нің барынша тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған жедел іздеу тобы құрылды. Таяу аумақта орналасқан барлық пәтерлердің иелерінен сұрау салынып, басқа да шаралар жүргізілуде», - деді департаменттен.
Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда Қарағанды қаласындағы «Айгүл» зергерлік бұйымдар сататын дүкенін 3 қарақшы не бәрі 2,5 минутта тонап кеткен болатын. Ұрылар бетперде киіп алғандықтан камерадан кім екендіктерін тану қиын. Қолдарына қолғап киіп, бастарына кеншілердің шамын тағып алған. Тіпті алтындарды алып кету үшін үш сөмке әкелген.