Оқиға бүгін таңертең болды. Зейнеткер Ермеков көшесі 52-үйдің 8-қабатынан құлап кетіп, ажал құшты.1939 жылғы қарт халық арасында «гармошка» деп аталып кеткен үйдің тұрғыны екендігі анықталды. Қайғылы жағдай зайыбы дүкенге шығып кеткенде болған.
"9 сәуір күні сағат тоғыздан кеткенде жедел жәрдем станциясына қоңырау шалынды. Бір минут өткен соң жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына аттанды. Алайда өкінішке орай, дәрігерлер жеткенше ер адам көз жұмған", - деп мәлім етті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Қарт адамның суицидке барғаны, не абайсызда құлап кеткені - белгісіз. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарына кірісті.
Арайлым Сатыбалдықызы