Оның мәліметтерінше, аталмыш топтың жымқырған қаржыларының 1 миллиард теңгесі мемлекетке тиесілі болып отыр. Алаяқтарды тексеру барысында олардан 73 касса аппараты мен 303 мөртабан табылды. Бұған қоса олардан Әділет министрлігі мен облыстық жер комитетінің, аудандық соттар мен Қарағанды қаласының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық қызметінің қолдан жасалған мөртабандары алынды.
15:42, 28 Қазан 2010
Қарағандыда жалған кәсіпорындар арқылы 19 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған 6 алаяқ ұсталды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандыда жалған кәсіпорындар арқылы 19 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған 6 алаяқ ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.