Қарағандыда жаңа нейрооңалту орталығы ашылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Луч» нейрооңалту орталығы Қарағандыда тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгінжурналистерге «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты ҚРПрезидентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған баспасөз-турыбарысында мәлімделді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаттарының бірі медициналыққызметтердің сапасы мен қолжетімділігі болып табылады.

«Луч» нейрооңалтуорталығы 2017 жылы ашылды. Ол инсульттан, нейрохирургиялық жәнетравмотологиялық оталардан кейін емделуді қажет ететін науқастарды қабылдайды.Орталықтың Қарағанды қаласындағы бас бөлімшесінен басқа, Жезқазған мен Теміртауқалаларында екі филиалы жұмыс істейді. Әрбір филиал қажетті жабдықтарменжабдықталған және 25 төсекке шақталған.

Қарағандыдағы «Луч»орталығында тәулік бойы 70 төсекті стационар орналасқан. Мұнда неврология жәнереабилитология саласында 12 жоғары білікті мамандар, сондай-ақ 13 медбике, 6массаж жасаушы, 3 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, кіші медициналыққызметкерлер санатынан 17 қызметкер жұмыс істейді.

Сонымен қатарорталық базасында Қарағанды медицина университетінің неврология және оңалтукафедрасы жұмыс істейді.

Медик-студенттер «Луч»орталығында аспалы слим-жүйені құрып, орнатуды ұсынған. Бұл құрылғы тірек-қимылаппаратының функциялары бұзылған науқастарды тез және жайлы оңалтуға ықпалетеді.

«Қарағандыда ЖООстуденттері арасында мейкатон өткізілді. Осы мейкатонның қатысушылары, медицинауниверситетінің студенттері осы аспалы жүйені ойлап тауып, содан кейін біздіңЕДШ залында оны орнату туралы өтініш білдірді. Бұл жүйе фирмалық қондырғыларданкем түспейді, бірақ бағасы әлдеқайда арзан», - деді «Луч» нейрооңалту орталығыдиректорының орынбасары Елена Ли.

Орталықтаэрготерапия аймағы да орналасқан. Ол арнайы жабдықтармен, оның ішінде ұсақмоториканы дамытуға арналған құрылғылармен қамтылған. Емдік дене шынықтырузалында жүру имитаторлары, қол және аяқты шынықтыруға арналған аппараттарорнатылған. Физиокабинет және лимфодренаж жүйесі және омыртқа менгидромассаждың су астында сору кешені бар сумен емдеу де бар.

Емделушілер бірапталық емдеу курсынан кейін жағдайлары айтарлықтай жақсарғанын атап өтеді.Алайда, толық оңалу үшін бір жыл ішінде бірнеше курстардан өту қажет. Қазіргітаңда емдеуден өтуге кезекте тұрғандардың қатары көп. Оңалту қызметтерінесұраныс жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан 2019 жылы МЖӘ бағдарламасы бойыншаҚарағандыда тағы бір филиал ашу жоспарлануда.

«Оңтүстік шығыстағы»жаңа филиал 40 төсекке есептелген. Оның ашылуы емделушілерге оңалтуды ұзақкүтпеуге және біздің қызметімізді қолжетімді етуге мүмкіндік береді», - депатап өтті Елена Ли.

«Луч» орталығыныңмамандары жылына 2,5 мыңнан астам адамды қабылдайды. Емделушілердің көпшілігіоңалтудан тегін өтеді. Емді мемлекет төлейді. Орталық жылына 400 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттік тапсырысбойынша қызмет көрсетеді.

«2020 жылдыңқаңтарынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейбастайды. «Луч» орталығында көрсетілетін физиоемдеу, оңалту сияқты қызметтертек сақтандырылған пациенттерге қолжетімді болады. Мемлекет МӘМС қатысатыназаматтардың 15 санаты үшін сақтандыру жарналарын төлейтін болады», - депхабарлады Қарағанды қаласының №1 емханасының медициналық қызмет сапасын бақылаужөніндегі директордың орынбасары Ольга Ермакова.

Соңғы жаңалықтар