Қарағандыда жаңа триатлон саябағы мен шие бағы пайда болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жаңа триатлон-паркі салынып, оның аумағында шие бағы орналасатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Мәлім болғандай, триатлон саябағы Оңтүстік-Шығыс және Майқұдық шағын аудандары арасында салынады. Онда үш мың ағаш отырғызылады. Бұл жұмыстарды осы жылдың сәуір айында бастап, үш жылдың ішінде аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ осы уақыт ішінде шие саябағы пайда болмақ.

«Бұл жер серуендеуге арналған саябақ болады. Мұндағы ағаштар мен саябақты Қарағанды қаласының саябақтар және гүлбақтар басқармасы қадағалайды», - дейді триатлон паркінің жоба жетекшісі Дарья Михайлюк.

Демалыс орнында жүгіруге және велосипед тебуге арналған жолдар мен фонтандар болады. Ол халықаралық стандарт бойынша салынады әрі бұл чемпионаттар мен жарыстар өткізуге үлкен мүмкіндік.
Оған тек спортшылар ғана емес, қала тұрғындары да барып демала алады.

Қыста шаңғы жолдары мен мұз айдындары жасалады.
Қарағандыда триатлон паркін салу идеясын «Евразия Билдинг» компаниясы ұсынды. Бұл жоба-коммерциялық емес, жұмыстар аяқталғаннан кейін парк қалалық билікке тегін тапсырылады. Оны осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.