Жәрмеңкені қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды.
Онда мамандар 287 жұмыс іздеушіге кеңес берді, оның 67-сі жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Сондай-ақ, іс-шараға сұранысқа ие жұмыс мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарда кәсіптік даярлаудың бес оқу орталығы қатысты.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру» және басқа жұмыспен қамту саласындағы жобалар туралы айтылды.