Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының слеті өтіп жатыр

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарынан және Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдерінен жиналған командалар 19-шы жас жол қозғалысы инспекторларының слетына қатысуда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараға қатысушылар «Реттеуші», «Саптықбайқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше тур бойыншаөзара бақ сынасады. Сонымен қатар республикалық байқауға балаларды алып келгенполиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмеккөрсету», «Үздік насихаттаушы» байқаулары бойынша бақ сынасса, ұстаздар қауымы«Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі.

Слет бағдарламасы бойынша ұстаздармен полиция қызметкерлеріне бірнешетренингтермен оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар барлық қатысушыларғақаланың көрікті жерлерімен қоса, Карлаг, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенмұражайларына саяхат жасалады.

Республикалық Слет ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағандыакадемиясында 25-ші тамызға дейінгі аралықта өтеді.