Қарағандыда жасөспірімге әлімжеттік жасау фактісі расталмады
«Шағымданушының баласы Тимур Исабаев көрсеткен балалардан, тәлімгерлерден түсініктеме алынды. Лагерь тәрбиеленушісіне қандай да бір күш көрсетіліп, психикалық қысым жасалғандығын дәлелдейтін ешқандай дерек табылған жоқ», - деді «Жезқазғандық» балалар лагерінің пелагог-ұйымдастырушысы Константин Цой.
«Балалардың біреуі алаңдағы топтық ойын кезінде жүгіріп келе жатқан Тимурдың аяғынан шалғандығын айтады. Ол бұл әрекетті жасағандығын мойындап, ойнап істегенін жасырмайды.
Менің педагогикалық қызмет атқарып келе жатқаныма 13 жыл болды. Бұған дейін өз ортамызда біреуге күш көрсетілуіне жол берген емеспіз. Бұдан кейін де солай бола береді. Үшінші сауықтыру ауысымы тәрбиешілері және пелагогтарымен алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Константин Цой.
Айта кетейік, 11 жасар Тимурдың анасы Людмила Исабаева ұлына лагерьдегі ересек балалардың қысым көрсеткендігі жайлы естігеннен кейін, баласын лагерден мерзімінен бұрын алып кеткен.
Лагерьге келген ана көп жерінен жарақаттанған баласын медициналық пунктте отырғанын көрген. Тимурдың айтуынша, жоғары топтағы балалардың бірі оны қасақана аяғынан шалған.
Оқиға болған «Жезқазғандық» лагері Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы курорттық аймақта орналасқан.