Қарағандыда жастар белсенділері ардагерлерді қамқорлығына алды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда «Ардағым - Ардагерім!» атты науқан басталды, оның мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету болып табылады.

Акция облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма және Қарағанды облыстық ардагерлер Кеңесінің бастамасымен өтті.

Бүгін жастар белсенділері Ұлы Отан соғысының 91 жастағы ардагері Сергей Семенович Ляховтың үйінде болды. Еріктілер оның үйінің ауласын қардан тазартты.

«Бұл бір рет өткізілетін акция емес. Осындай шаралар апта сайын өткізілетін болады», - деді облыстық жастар саясаты бойынша басқармасынан.

Облыстық ардагерлер Кеңесінің мәліметтерінше, 2013 жылдың 1 қаңтарында облыста Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің саны 623 адам болды, қазіргі кезде 599 адам қалды. Яғни бір айда 24 адам қайтыс болды.