«23 мамырда Қарағанды облысының аумағында күні бойы жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел соғады. Жауын жауады, соңы қарға ұласуы мүмкін», - деді Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» РМК мамандары.
Синоптиктердің айтуынша, ертең 24 мамырда Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ашық күн райы күтілуде. Күндіз өңірде ауа температурасы 17-22 градус жылы болады. Өңірдің солтүстік бөлігінде температура 3 градусқа дейін суытады. Облыста секундына 15-20 метрге дейінгі жел сақталады.