Қаладағы Гоголь көшесіндегі шеруге шыққандар «Мәңгі алау» мемориалы қасында келп тоқтады. Оған қатысқандардың көбі соғыста із-түссіз кеткен туған-туыстарының аты жазылған қағаз немесе суретін тіпті үлкен портреттерді қолына ұстап жүрді.
Митинг соңында азаматтық акцияға қатысушылар Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін де бұқаралық шараға қатысуышлар тарқап кетпей, суретке түсіп, сырнай сазымен қосылып соғыс әндерін шырқады.