21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне аудандағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен.
Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камерасының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді.
Бейнежазбадан көлік жүргізушінің сауда орнынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған.
Сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден «ізін суытқан».
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешінді шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті жәбірленушіні танымайтынын, көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрғанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ көлік жүргізушінің әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтты.
Алайда ол қозғалып бара жатқан көлікке жақындаған, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.