«Жаз энергиясы» байқауын Қарағанды Жарық компаниясы өткізеді. Қатысушыларға қаладағы трансформаторлық бекеттерге сурет салуға мүмкіндік беріледі. Суретшілер байқауда ұсынылған бірнеше тақырыптың ішінен өзіне ұнағанын таңдай алады: «Электр қуаты қауіпті!», «Қиял-ғажайып әлемі - мен стиль сыйлаймын», «Футбол бойынша Әлем чемпионаты», «Астана - арман қала» және «Қарағанды Жарық - 15 жыл бірге».
Ұйымдастырушылар қатысушыларға келіп-қайту жолақысы мен жататын орынның төлемін өтеп, аэрозольдік баяуларды береді. Байқаудың бас жүлдесі - 150 мың теңге. Ақшалай сыйлықты сонымен қатар 1,2 және 3 орын иеленгендер алады - 100 мың, 70 мың және 50 мың теңге. Бұған қоса, «Қарағанды Жарық» компаниясының директоры атынан сыйлық тағайындалған - 150 мың теңге.
Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне алдын ала жұмыс эскизін жіберіп және graffiti.k-zharyk.kz мекенжайында өтініш толтыру қажет. Эскиздер 31-ші шілдеге дейін қабылданады.
«Жаз энергиясы» жас граффити-суретшілердің байқауы алғаш рет Қарағандыда 2011-ші жылы өткен. Жыл сайын ол Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан командалардың басын қосады. Байқаудың тарихында суреттер қаламыздың 250 трансформаторлық бекеттерінде салынды.
2017-ші жылы «Жаз энергиясы» байқауына Қарағанды, Алматы, Астана, Павлодар, Санкт-Петербург және Екатеринбургтен 34 қатысушы келіп бақ таластырды.
Граффити - бүгінгі таңда қазіргі заманғы дербес жанр, мәдениет пен қалалық өмірдің ажырамас бөлігі. Көптеген елдер мен қалаларда өз шаһарларында нағыз өнер туындыларын жасайтын танымал суретшілері бар. Кейбір адамдар үшін граффити - галереялар мен көрмелерге қоюға лайықты нағыз өнер, ал кей адамдар үшін - ол вандализм.
«Жаз энергиясы» ұйымдастырушылары байқау жас суретшілерге заңды түрде граффитимен айналысуға мүмкіндік беретінін атап айтты.