10 қарашада жедел жәрдем көлігінің 51 жастағы жүргізушісі шақыртуға бара жатқан кезде жол бойында тұрған 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Попов көшесі мен 15 магистраль қиылысынан 30 метр жерде болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.