Қарағандыда жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі, 9 қаңтар күні Қарағандыдағы Рижская көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде 1981 жылы туған ер адамның және 1978 және 1951 жылғы екі әйелдің мәйіттері табылған.

Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оны жоюға жеке құрамның 19 адамы мен ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 техника бірлігі жұмылдырылды.