ІІД жергілікті полиция қызметінің әлеуметтік желідегі парақшасына (mps09region) пайдаланушылардан Toyota Land Cruiser автомашинасының жол ережесін бұзғаны туралы шағым келген.
Қарағандының 46 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы, 2-бөлігіне («Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру») сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Ер адам 10 АЕК (24050 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.
17:14, 27 Наурыз 2018
Қарағандыда желідегі шағымдардан соң жүргізуші жауапқа тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Instagram пайдаланушыларының шағымдарынан соң жол ережесін бұзған жүргізушіге әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.