Қарағандыда «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 8 мамырда Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

 Ол үш мерекелеге арналады: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні.

Көрмеде түрлі ұлт суретшілері салған бейнелеу өнерінің түрлі жанрындағы туындылар ұсынылады. Олардың картиналары көктем, достық, татулық пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен махаббат, халықтың бақытқа деген талпынысы, жәнеде Ұлы Жеңіске арналған.

Экспозиция негізінен қарағандылық және қазақстандық суретшілердің көркем және графикалық жұмыстарынан құралған. Дәлірек айтар болсақ, мұнда С.П. Глазковтың салған Кеңес Одағының Батырыі Мартбек Мамыраевтың портретін, А. Хайдаровтың «Әлия» картинасын тамашалауға болады.

Көрме 13-ші мамырға дейін жалғасады.