Бүгін таңғы 6:36-да Қарағанды – Үштөбе күре жолында жолаушы автобусы мен «Lada» жеңіл автомобилі соқтығысты.
«Жеңіл көліктің 1998 жылы туған жүргізушісі қатты жарақат алып, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Автобустың 1955 жылы туған кондукторы басынан жарақаттанып, Мақажанов атындағы облыстық медицина орталығына жеткізілді. Егде тартқан әйелге нейрохирург-травмотологтың көмегі қажет болды, содан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
14:43, 11 Қыркүйек 2019
Қарағандыда жол апатынан 21 жастағы жігіт опат болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.