25 ақпанда Қарағанды қаласының Көгілдір тоған шағынауданында 39 жасар «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі «Mitsubishi Pajero» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, бірінші көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан 4 көлік соқтығысқан, оның ішінде бір автобус бар. Зардап шеккен 3 адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.
Полиция жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.