Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Капот астынан түтін шыққанын көрген жүргізуші жолдың жиегіне тоқтап, жолаушыларды түсірген. Өрт сөндірушілер жеткенше, жалын қозғалтқыш бөлігінен салонға ауысып үлгерген. Автобус тұтас өртеніп кетті.
Қарағанды әкімдігі жолаушылар тасымалы бөлімінің меңгерушісі Ескендір Қабидолланың мәлімдеуінше, «ПАЗ» автобусы «Манас» ЖШС автопаркіне тиесілі.
«Көлік құралының өртену себептері анықталып жатыр», - деді Ескендір Қабидолла.
Қазір автобустың техникалық байқаудан өткендігі және рейске шығар алдында автобустың қандай жағдайда болғандығы тексерілуде.