деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компьютерлік графикадан оныншы рет өткізіліп отырған «Болашаққа қадам, ЮНИОР» ашық конкурсы биыл «Абайла - жол қозғалысы!», «Балалар - жолда»» тақырыптарына арналған. Конкурс оқушылардың арасында өткізілуде. «Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу, жол қозғалысы ережелерін таныстыру және насихаттау, балалардың жарақаттану оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ заманауи компьютерлік технологияларды игеруде оқушылардың креативті ойлау қабілетін қалыптастыру», деп атап көрсетті Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
17:41, 07 Қыркүйек 2009
Қарағандыда жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған компьютерлік графика конкурсы өткізілуде
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда облыстық Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының, облыстық білім басқармасы мен Жас зерттеушілер кіші академиясының жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттауға бағытталған бірлескен жобасы басталды,