Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлағандай, бұл жоба «SOS функциясымен босанғанға дейін қашықтан патронаж» деп аталады. Бұл денсаулық сақтау саласына озық технологияны енгізу, өлім-жітімді азайту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылуда.
«SOS» түймесі бар тегін софт жүкті әйедің смартфонына немесе планшетке орнатылады.
«Жүкті әйелдің телефонына тиісті ақпарат түсетін мобильді қосымша орнатады. Бұл дұрыс тамақтану, жүктеме, медициналық бақылау кестесі және т.б. қамтиды. SOS функциясымен түймені басқан кезде дабыл бірден жедел жәрдем стансасына түседі», - деді Нұрдыбаев.