«Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жасына, біліміне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан барлық жұмыссыздар пайдалана алады», - деді ол.
Оның айтуынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың сипаттарына байланысты бір айдан алты айға дейін негізделген.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысатындарға мынадай көлемде материалдық көмек көрсетіледі:
1) облыста орналасқан білім беру ұйымдарына елді мекендерден келіп оқитын бағдарлама қатысушылары үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде жолақы (10100 теңге);
2) өмір сүруге ай сайын 5 АЕК көлемінде (12625 теңге).
3) 16759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталықтарына байланысуға болады.
09:35, 13 Ақпан 2019
Қарағандыда жұмыссыздар үшін қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық білім беруді дамыту жөніндегі қоғамдастық кеңестің төрағасы Маулида Жошина еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар пен кәсіптерге қысқа мерзімді кәсіптік оқыту туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.