Қарағандыда жүргіншілер жолағында әйелді манипулятор қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Манипулятор жүргізушісі бампердің биік болуына байланысты жүргіншілер жолағында әйелді байқамай соғып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы міндетін атқарушы Батырхан Смаиловтың хабарлауынша, манипулятор жүргізушісі жүргіншілерді жолдан өткізіп тұрған.

«Жолақта манипулятор жүргізушісі шынында жол ережесін бұзбастан, жүргіншілерді өткізіп тұрған. Алайда ол машинаның жанында келе жатқан әйелді байқамай қалған. Әйел көз көрерлік аймақта болмағандықтан, жүргізуші оны байқамаған. Ол барлық жаяу жүргіншілер жолдан өтті деп ойлап, жүріп кеткен. Бірдеңенің үстінен өткенін сезіп, адамдардың айқай-шуынан кейін тоқтаған», - деп түсіндірді Батырхан Смаилов.

Манипулятор жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.