Қарағандыда жүргізуші куәлігін беретін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылмақ

ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағандыда жүргізуші куәлігін беретін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу ілкі жоба ретінде іске асырылмақ.

Бұл жайында өзінің твиттерінде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«ХҚКО Комитеті мен Жол полициясына Қарағандыда автөкөліктерді тіркейтін, жүргізуші куәлігін беретін арнайы ХҚКО (ілкі жобаны) ашу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды»,-деп жазады министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай тапсырма бүгін Байланыс және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен кеңесі барысында жасалды.