2016 жылдың 14 наурызында Қарағандыдағы «Сарырқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасы қаланғаны хабарланған еді.
Зауыттың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
«Желтоқсан айында ашылатын жаңа зауыттың жылына отыз миллион оқ-дәрі шығаратын қауқары бар. Келесі жылдан бастап төрт тип бойынша шығарылған отандық оқ-дәрілер Қазақстанның Қарулы Күштеріне және өзге де әскери орындарға жеткізілетін болады», - деді Талғат Жанжүменов.
Сонымен бірге, Қорғаныс министрінің орынбасары Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған шаралардың ел аумағында жыл бойы жалғасатынын хабарлады. Оның айтуынша, 25 жылдыққа орай, биыл жаңа әскери заманауи техникалар алынып, әскери қызметшілерге баспана кілті табысталады, жас өрендерді патриоттық тәрбиелеуге бағытталған түрлі спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылады.