Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26 сәуір күні түскі сағат бір шамасында шахтаның №48К-12 2в демонтажды камерасында (горизонт 30 м) өрт болды. Жалынмен күресе отырып, мамандар бір мезгілде гипстен бөгеттер салып, тасымалданбалы газ талдағыш зертхананың көмегімен газдың жағдайын бақылап отырды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті толығымен ауыздықтау тек 2 мамыр күні түскі сағат 12-ге қарай мүмкін болды.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ «Көмір» Әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің 15 адамы мен 3 техникасы айналысты.