Қарағандыдағы балалардың жаппай улануы: Оқиға орнына Денсаулық сақтау министрі аттанды
10:57, 01 Тамыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық-әлеуметтік мекемеде балалардың улануына байланысты Қарағандыға кетіп барады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарының тобы жіберілді.
Соған байланысты, министрдің бұрын Қосшы қаласына жоспарланған жұмыс сапары 2023 жылғы 2 тамызға ауыстырылады.
Осыған дейін Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай уланып, 1 бала қайтыс болғаны жарияланды. Тағы 6 бала жансақтау бөілімінде жатыр.